Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталғандарға діни экстремизмнің қауіптілігі туралы айтылды

СҚО-да сотталғандарға діни экстремизмнің қауіптілігі туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының пробация қызметінің бөлімі «Қоғамдық даму және ішкі саясат ақпарат орталығы» КММ-мен тұрақты негізде жұмыс кездесулерін өткізеді.

17 қаңтарда осындай кездесулердің бірінде СҚО әкімдігінің «Қоғамдық даму және ішкі саясат ақпарат орталығы» КММ психологы Төлеген Оразов дәріскер ретінде сөз сөйледі.

Аталған кездесудің мақсаты – «Діни экстремизмнің қауіптілігі мен себептері» тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы. Іс-шараға пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған 8 сотталған қатысты.

Төлеген Оразов деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың діни экстремизм мен терроризм саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілігі туралы айтып, ұлтаралық араздық пен террористік ұйымдарға қатысу үшін тарту санатынан нақты мысалдар келтірді.

– Мұндай дәрістер мен үшін және жұртшылық үшін пайдалы. Дәрістен ең жақсы алдын алу құралдары – сын тұрғысынан ойлауды дамыту және отбасылық құндылықтарды нығайту екенін білдім, – деді сотталған А.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру