СҚО-да сотталғандарға "Ѕкуре" арқылы онлайн - семинар ұйымдастырылды
Семинарға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылды. Жұмыспен қамту бөлімінің маманы Янченко бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ оның еңбек орналастыру көлемін түсіндірді. СҚО ПД ЖПҚ аға инспекторы Д. Шерстобитов босатылғаннан кейін есепке қою тәртібін, сондай-ақ "бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" ҚР Заңын түсіндірді.