СҚО-да техникалық жаңашылдықтардың көмегімен мал ұрыларына қарсы күреспек
Солтүстік Қазақстан облысында техникалық жаңашылдықтардың көмегімен мал ұрыларына қарсы күреспек, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Ұрлықты ашқаннан, оның алдын алған жеңіл» – бұл ақиқатты мал ұрлығын алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жиі жүргізетін солтүстікқазақстандық полицейлер тәжірибелерінде қолдануда. Жамбыл ауданында ірі шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлер мал бастарын аман алып қалу үшін техникалық жаңашылдықтарды пайдалануда. Аудандағы қосалқы шаруашылықтарда 89 600 бастан астам ауылшаруашылық жануарлары бар, оның 11 353-і жылқы малы, 75 мыңнан астамы ірі қара мен ұсақ қара мал.
Профилактикалық жұмыс үшін полицейлер аудандық әкімдік және ветеринария бөлімдерінің өкілдерімен бірлесе ауылдықтармен жұмыс кездесулерін ұйымдастырды. Кездесулерде еркін жайылымнан мал ұрлау мәселелері көтеріліп, жануарларды сәйкестендіру және ветеринариялық құжаттар беру тәртібі туралы түсіндіріледі. Бос жүрген малдар мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында ауылшаруашылық жануарларын өсіру және бағу ережелерін бұзғаны үшін 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рұқсат құжаттарысыз малды және ет өнімдерін тасымалдағаны үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе барлық 13 ауылдық округтерде қаңғыбас малдарға арналған айыппұл тұрақтары белгіленді. Бұл малдарын бөтеннің жайылымына өріске жіберетіндерді барынша тәртіптендірді әрі жол қозғалысына қатысушыларды қауіп-қатерден сақтандырады.
Соңғы бірнеше жылда Казанка ауылдық округінде «Шатило и К» ЖШС басшысы Олег Адамның тәжірбиесі бір жүйеге қойылған. Сәтті пайдаланылып жатқан «Электронды бақташы» деп аталатын жүйе төмен жиілікті кернеулікті сыммен қоршалған 1200 бас мал жайылатын өрістен мал ұрлау мүмкіндігін азайтқан.
Мал ұрыларына қарсы күресте жануарларды сәйкестендіру жақсы көмек болады. Бүгінгі күні Жамбыл ауданында 75 мың бас малға таңба салынған, оның 6 553-і жылқы малы.
Аудандық полиция басқармасының бастығы Асан Мейрамов ауданда мал ұрлығына жол бермеу мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі облыстық бағдарламаның тармақтары іске асырылып жатқандығын айтты. Пресноредут ауылдық округі әкімінің аппаратымен бірлесе жылқыларға чип қою бойынша пилоттық жоба қолға алынған. «Турнов» шаруа қожалығында 500 жылқы бар, оның басым бөлігіне чип қойылған. Жылқы малының сырын жақсы білетін ШҚ басшысы Максим Турнов үйірді алып жүретін айғырлардың мойын қарғыларына автономды іздеу құрылғыларын салуды тапсырған.
Енді автономды іздеу құрылғылары иесінің ұялы телефонына қосылған, оның көмегімен жылқыларының жүрген жерлерін, алған бағыттарын қадағалап тұрады.
Аталған жаңашылдықтар статистикаға да әсер етті: өткен жылы ауданда екі мал ұрлығы жасалған, біреуі әзірше ашылмаған. Соңғысы күзет ұйымдастырылмай, мал еркін жайылымда жүргенде жасалған. Және бұл фактор мал өсіру саласындағы ежелден қалыптасқан ауыл салтына оң әсерін тигізеді.