Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тергеу изоляторының бастығы қамаудағылардың туыстарымен кездесті

СҚО-да тергеу изоляторының бастығы қамаудағылардың туыстарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу изоляторының бастығы Рүстем Сағденовпен «ЕС-164/1 мекемесі» РММ-де қамауда отырғандардың туыстарымен жұмыс кездесуі өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған адамдарды ұстау шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Жұмыс кездесуіне мекеме бастығы, арнайы есеп бөлімінің, арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің, режим және күзет бөлімінің, заң тобының және тексеру тобының қызметкерлері қатысты. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдардың туыстары жағынан бес адам қатысты.

Жұмыс кездесуін өткізу барысында бірқатар мәселелер қаралды. Туыстарының назарына күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған адамдарға қатысты Қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының нормалары жеткізілді.

Туыстар мекеме басшылығына туындаған мәселелерді түсінуге және шешуге көмектескені үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру