СҚО-да түзеу мекемесіндегі сотталған әйелдер мерекелік концерт өткізді
СҚО-да түзеу мекемесіндегі сотталған әйелдер мерекелік концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір-біріне мейірімді болу – өркениетті гуманистік мемлекеттің өмір сүру шарттарының бірі. Бірнеше жыл бойы бүкіл әлем жақсылық пен бейбітшілік мерекесін тойлап келеді. Мысалы, Еуропада, батыста отбасылық мерекелік кешкі ас күркетауықтан жасалған дәстүрлі тағамсыз өтпейді. Алғыс айту күні мерекесі көптеген отбасыларда кеңінен тойланады.
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталған әйелдері де мерекеден тыс қалған жоқ. Мекеме клубы мерекенің идеялық мазмұнын ескере отырып, мекемені безендірді.
Сотталғандар арасында жалпы тарих пен тарихи жад негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту, жалпыұлттық патриоттық идея рухында концерт өткізілді. Сондай-ақ, сотталған әйелдер осы тақырып бойынша өз шығармаларынан өлеңдерін оқыды, әртүрлі ұлттардың би өнерін көрсетті.
Мекемеде 1 наурыз – Алғыс айту, Достық, сыпайылық, бір-біріне қамқорлық күні деп жарияланды. Барлық мерекелік концерт позитивті өтті, сотталған әйелдер мен қатысушылардың өздері іс-шараға риза болды.