Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да заң бұзған шетелдік елден шығарылды

СҚО-да заң бұзған шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аққайың ауданында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу ережелерін қасақана бұзған Ресей Федерациясының 57 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам визасыз жүруге рұқсат етілген 90 күннен кейін ел аумағынан кетуі керек еді, бірақ ол кетуден қасақана жалтарған.

Заң бұзушы кінәсін мойындады, әрі ҚР аумағында қалуға себептері болмағанын, жұмыс істемей танысының үйінде тұрғанын растады.

Сот шешімімен оған 5 тәуліктік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 5 жылға ҚР аумағынан әкімшілік шығару түріндегі жаза тағайындалды. Полицейлер құқық бұзушымен бірге мемлекеттік шекараға дейін барып, ел аумағынан шығуына көз жеткізді.

Аталған ЖПІШ кезінде полицейлер көші-қон заңнамасының түрлі 234 бұзушылығын анықтады. Атап айтқанда, 16 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Сонымен қатар ТМД елдерінде іздеуде жүрген төрт адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру