Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жалғыз тұратын зейнеткерлер ауылдық учаскелік полиция инспекторларының ерекше назарында

СҚО-да жалғыз тұратын зейнеткерлер ауылдық учаскелік полиция инспекторларының ерекше назарында, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны Астраханка ауылында тұратын ата-анасының тағдырына алаңдаушылық танытқан Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қызмет көрсететін аумағына шолу жасау кезінде учаскелік инспектор науқастанып жатқан зейнеттегі ерлі-зайыпты мұғалімдердің отбасына соқты. Денсаулық жағдайлары нашарлағанын көрген ол, басшылығына баяндайды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров ақпаратты алысымен орталық аудандық ауруханамен байланысады. Шұғыл жеткен жедел жәрдем зейнеткерлерді Петропавл қаласындағы медицина мекемелерінің біріне жеткізеді. Қазір олар дәрігерлердің қарауында.

– Ата-анамды ауруханаға жеткізгендері үшін аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына және бастығы Руслан Сапаровқа зор алғысымды білдіремін, – дейді қыздарының бірі.

– Өзге міндеттерінен басқа, учаскелік полиция инспекторлары әсіресе жалғыз тұратын қарттарға қамқорлық танытады. Тексеріс кезінде олардың үйлеріне барып, мәселелерімен танысып, шешуге көмектеседі. Мәселен, Астраханка ауылдық округінің учаскелік инспекторы Жансерік Мұқжанов өз учаскесіндегі 14 зейнеткерді назарынан тыс қалдырмайды. Жансерік қаңтар айында өмірлік қиын жағдайда қалған 67 жастағы ауылдықты анықтап, оны қарттар үйіне орналастыруға көмектесі. Полицейлер жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында халықпен байланысты нығайтуда. Бұл жұмыстағы негізгі роль учаскелік полиция инспекторынікі. Адамдардың қиын жағдайда полицейлерге жүгіну фактісі – алған бағыттың дұрыстығын айқындайды, – дейді Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру