СҚО-да жеке күзетшілер жыл басынан 4 ұрлықтың жолын кесті
Солтүстік Қазақстан облысында жеке күзетшілер жыл басынан төрт ұрлықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке күзет кәсіпорындары құқықтық тәртіпті сақтауда маңызды үлес қосады. Бүгінгі таңда СҚО-да 113 жеке күзет агенттігі тіркелген. Күзетшілердің саны – 1620 адамды құрайды. Күн сайын Петропавлда 17 күзет ұйымының мобильді топтарының 35 экипажы өз секторларына патрульге шығады. Сигналды дабыл белгілері болмаған жағдайда олар полиция күштеріне жәрдемдесуге дайын. Сонымен қатар, бес агенттіктің экипажында полициямен жеке байланыс арнасы бар, ол арқылы көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар туралы бағыт-бағдар алады.
– Барлығы 6182 объекті, оның 472-сін күзетшілермен, орталықтандырылған бақылау пульті арқылы – 5710, соның ішінде 1870 пәтер мен үй күзетіледі, – дейді СҚО ПД Күзет қызметін бақылау жөніндегі бөлімінің бастығы Руслан Даньяров. — Практика көрсеткендей, сигнализация орнату – қылмыстық қолсұғушылықтың алдын алу мен жолын кесудің аса сенімді тәсілдерінің бірі. Қылмыскерлер пульттік күзетке қосылған объектілерге сирек бас сұғады. Орта есеппен дабыл сигналы бойынша топтардың келуіне бес минуттан артық уақыт кетпейді. Ақпан айының соңында агенттіктердің бірінің күзетшілері Жамбыл көшесінің бойындағы дүкендердің біріне заңсыз ену фактісінің жолын кесті. 49 жастағы қала тұрғыны ұрлық үстінде ұсталды. Сигнал келіп түскеннен кейін экипаж оқиға орнына екі минуттан соң келген.
Жыл басынан барлығы күзетшілер қылмыстың бес фактісін ашуға қатысып, 68 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, күзетілетін объектілерде төрт ұрлық пен құқық бұзушылықтың жолын кесті.