Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 60 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Жолдың қанағаттанарлықсыз күйі үшін Солтүстік Қазақстан облысында 60 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыста жолдың жағдайына бақылау жасау – полицияның суық түсе кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі. Солтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға “Қазақавтодор” ЖШС қызмет көрсетеді, күн сайын қар тазалайтын 60 техника шығады. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін “Петропавл Жолдары” ЖШС-нің мен үш қосалқы мердігер ұйымның 114 техникасы қызмет көрсетеді. Петропавлдың көше-жол желісіне 22 коммуналдық ұйым қарайды.

Биылғы қыс жол қызметтерін әуре-сарсаңға салды. Күн сайын облыс орталығының көшелерін тазартуға 500-ге дейін техника шықты. Қаланың көлік жүретін жолдарын тазалап үлгеріп тұрды, енді кәсіпорындар тротуарларды тазартуға көшті. Жұмыс жоспарлары Солтүстік Қазақстан облысы Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері күнделікті жүргізетін тексеріс нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.

– Қатқан мұз мен нығыздалған қар, дөңгелектің іздері, қардың уақтылы шығарылмауынан болған жүру бөлігінің тарылуы — жол-көлік оқиғаларының жасалу қауіп арттыратын факторлар, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Назар Байматов. — Жолдар тұрақты тексеріліп тұрады. Қолайсыз ауа райы кезінде әкімшілік полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Тексеріс нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарым жолданады. Мысалға, наурыз айының басында Қизатов көшесінің бойындағы Омбы айналма жолы мен Борки кентіне дейінгі аралықта терең дөңгелек іздері пайда болғаны анықталды. Қызмет көрсететін кәсіпорынға қатысты ұйғарым шығарылды, күшейтілген жұмыс нәтижесінде алты сағаттың ішінде кемшілік жойылды.

Жыл басынан полицейлер мүдделі ұйымдарға 223 ұйғарым жолдады. Жолдар мен жол құрылыстарын қанағаттанарлықсыз деңгейде күтіп-ұстағаны үшін 60, оның ішінде ұйғарымдарды орындамаған үш лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру