СҚО-да жолға шығып кеткен жылқы көлік астына түсті
СҚО-да жолға шығып кеткен жылқы көлік астына түсті. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңғыбас мал — автокөлік жолдарындағы қауіптің ықтимал көзі. Тайынша ауданында табын иесінің назар аудармауының салдарынан республикалық маңызы бар Көкшетау — Омбы автожолының 100 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Қорадан қашып кеткен жылқы Аққұдық ауылынан 10 шақырым жолға шығып, Mitsubishi көлігінің астына түсті. Зардап шеккендер жоқ, жылқы да аман қалды. Көлікке зақым келген.
– Жылқының иесі, 31 жастағы жергілікті тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол автокөлік иесіне келтірілген залалды өтеді. Полиция қызметкерлері еркін жайылымға жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері ауданда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 262 хаттама жасалды, оның 43-і қыркүйек айында тіркелген, – дейді Тайынша ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арғын Аманбаев.
Қаңтар айынан бастап облыс бойынша қаңғыбас мал үшін барлығы 2562 адам жауапкершілікке тартылды. Полиция жүргізушілерге елді мекендерге жақын автожолдарда, әсіресе түнде, қараңғы түскенде сақ болуды ескертеді. Тәртіп сақшылары мал иелері мен шопандарға еркін жайылымға жол бермеу туралы еске салады.