Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері пробациялық бақылаудан жасырынған екі сотталғанды қолға түсірді

ШҚО полицейлері пробациялық бақылаудан жасырынған екі сотталғанды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері пробациялық бақылаудан жасырынған екі шартты түрде сотталған адамды ұстады.

2022 жылы Өскемен қаласының №2 соты Глубокое ауданының 32 жастағы тұрғынын ұрлық жасағаны үшін 3 жыл және 6 ай бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Алайда сот үкімін елемей, азамат пробациялық бақылаудан қасақана жасырынған, содан кейін оған іздестіру жарияланған.

– Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оны Өскемен қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстаған. Екінші есептегі тұлғаны да жедел уәкілдер Глубокое ауылында жалдамалы үйден ұстады.

Іздестірудегі адам ҚР ҚК-нің 191 бабы (Тонау) бойынша шартты түрде жазасын өтеп жатыр, – дейді ШҚО ПД бастығы полиция Ерлан Омарбеков.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі 80-нен астам қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру