СҚО-да жыл басынан бері 528 интернет-алаяқтық тіркелді
СҚО-да жыл басынан бері 528 интернет-алаяқтық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің студенттеріне полиция қызметкерлері қылмыс жасаудан сақ болу жолдарын айтып берді. Петропавлдың әрбір колледжінде тәртіп сақшылары ақпараттық баннерлер орнатты. Олар жастарды қауіпсіз онлайн жұмыс іздеудің негізгі ережелерімен таныстырды.
Әдетте, заңсыз жұмыс ұсынушылар хабарландыруда қажетті мамандықты көрсетпейді. Жұмыс беруші жұмыс іздеушілерді тәжірибесіз қабылдауға дайын болады. Көп күш жұмсамай, қашықтықтан жұмыс ұсынып, қомақты қаржы төлеуді алға тартады.
Мұндай хабарландырулардың артында көбінесе басқа адамдардың қаржылық операциялары үшін банк картасын жасау туралы ұсыныс жатыр, сондықтан интернет-алаяқтар жалдамалы алаяқтарды жұмысқа алады.
– Олар өздерінің кінәсіз екендерін алға тартады, бірақ дропперлер азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жыл басынан бері облыста 528 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 65-і ақшаны айналдырумен көбейтумен және дүниежүзілік желіде жылдам байытудың өзге тәсілдерімен байланысты, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.