СҚО-да жыл басынан бері 630-дан астам мас жүргізуші ұсталды
СҚО-да жыл басынан бері 630-дан астам мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында автопатрульдер мен полиция жасақтары жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға бағытталған. Басым бағыт – мас күйде көлік құралдарын басқару фактілері. 27 қыркүйектен бастап облыста «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, іс-шараның алғашқы тәулігінде өңір жолдарында жол жүрісі қағидаларының 340-тан астам бұзушылығы анықталған. Көлікті мас күйде басқарған 6 жүргізуші ұсталды. Бұрын көлік басқару құқығынан айырыла тұра тағы да көлік тізгінін ұстаған үш адам жауапқа тыртылды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың – 33, көлік басқарып келе жатып телефон пайдаланудың 26 фактісі тіркелді. Жылдамдық асырғаны үшін – 28, жолдың қарсы бөлігіне шығып жүргені үшін бір жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жолдың рұқсат етілмеген жерінен бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткені үшін 57 жаяу жүргінші жазаланды. «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қазан күні аяқталады.
Жыл басынан бері облыста көлікті мас күйде басқарған 630-дан астам жүргізуші ұсталды.
8 айда облыс жолдарында 225 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 28 адам қаза тауып, 327 адам жарақат алды.