СҚО-да жыл басынан бері есептегі 17 сотталған бас бостандығынан айырылды
СҚО-да жыл басынан бері есептегі 17 сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-ның 41 жастағы тұрғыны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотпен екі жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. Ол 2021 жылдың қазан айынан пробация есебінде тұр. Пробациялық бақылау кезеңінде сотталған адам бірнеше рет жаза тәртібін бұзған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге және пробация қызметі бөлімі бірнеше рет шығарған ескертулерге ден қоймаған, өзі үшін жазаны өтеудің осындай қысқа мерзімінде тиісті қорытынды жасаған жоқ.
Тайынша аудандық соты сотталған К. есімді ер адамға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысын қарады. Мәселен, сотталған жазасын өтеу тәртібі туралы тиісінше хабардар етіле отырып, бірнеше рет тіркеуге келген жоқ, тексеру барысында тұрғылықты жері бойынша болмады, сондай-ақ жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке кіріспеді, яғни ол өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамады.
Оның атына шектеулерді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы бірнеше рет ескерту жасалды, бірақ сотталған оларға жауап бермеді, осыған байланысты Тайынша ауданының пробация қызметі соттан бас бостандығын шектеуге сотталған адамға жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыруды сұрады.
ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, оның өтелмеген барлық күні бас бостандығына айырумен ауыстырылады. Сотталған жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзу фактілерін толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, сотталғанның өтелмеген бір жыл алты ай төрт күнін бас бостандығынан айыруға ауыстырды.
Сотталған қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 2022 жылы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын қасақана бұзғаны үшін 17 сотталған бас бостандығынан айырылды, өткен жылы 135 сотталған бас бостандығынан айырылған болатын.