СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың кесірінен 38 жол-көлік оқиғасы болды
СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың кесірінен 38 жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы кезде қала сыртындағы жолдарда жануарларды соғып кету деректері жиіледі. Жүргізушілер облыс жолдарында сібір еліктері жиі жолығатыны туралы атап өтті. Қызылжар мен М. Жұмабаев аудандарында жолда жануарларды соғып кету қаупі жоғары. Полицейлер жабайы аңдарды қағып кету фактілері түнгі уақытта Ресей Федерациясы шекарасына жақын Омбы қаласына апаратын автожолдарда жиі болатынын атап өтті.
Мәселен, 22 қараша күні шамамен сағат 13:00-де JAC Sunray автокөлігін тізгіндеген Қызылжар ауданының 60 жастағы тұрғыны Ишим — Петропавл автожолының 611-шақырымында жолда кенеттен пайда болған сібір елігін соғып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көлік зақымдалды, елік қашып кеткен.
– Жалпы жыл басынан көліктер жануарлармен 38 рет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғаларында адамдар зардап шеккен жоқ, көліктер зақымдалған. Жүргізушілерді қауіп туралы жолдарда орналастырылған жануарлардың 27 макеті ескертеді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері осындай оқиғалардың алдын алу және ауыл шаруашылық жануарларының еркін жайылуына жол бермеу бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басынан қаңғып жүрген мал үшін 4030 адам жауапкершілікке тартылды, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Полицейлер жүргізушілерге қараңғы кезде, елді мекендердің маңында, орман жақын орналасқан жол учаскелерінде аса сақ болуға және Жол жүрісі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.