Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған әйел талдықорғандықтарды 35 млн теңгеге алдаған

Бұрын сотты болған әйел талдықорғандықтарды 35 млн теңгеге алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021-2022 жылдары Талдықорғанда тіркелген ірі алаяқтық фактілері бойынша тергеу жұмыстары аяқталуда. Қылмыстық іс материалдарымен күдіктінің бұдан бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны және 28 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.

Белгілі болғандай, кәсіпкер әйел талдықорғандықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынған. Ол қарапайым сенгіш азаматтарға қала әкімдігінде байланыстары бар екеніндігін айтқан. Тергеу барысында күдіктінің қандай да бір тұрғын үй комиссияларының құрамына кірмейтіні және қандай да бір мемлекеттік органның қызметкері емес екені анықталды.

– Аталған күдікті алаяқтық қылмыстың 14 эпизодында байқалады. Жәбірленушілердің жалпы материалдық шығыны 35 580 000 теңгені құрайды. Әйел Талдықорған тергеу изоляторында қамауда, – деді Талдықорған қаласының ПБ тергеушісі Ілияс Алдабергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру