Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жылқы ұрлады деген күдікпен бақташы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында жылқы ұрлады деген күдікпен бақташы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ЖШС бірінің басшысы жылқысы ұрланғанын айтып полицияға жүгінген. Шығын сомасы 600 мың теңгені құраған. Жедел уәкілдер алғашқы кезекте кәсіпорын жұмысшыларын тексерді. Өкінішке орай, жұмыс орнында ұрлық жасау – ауыл шаруашылық құрылымдарында жасалатын ұрлықтардың жиі кездесетін сценарийлерінің бірі. Мал ұрлығы бақташылардың бірінің жұмыстан өз еркімен шығып кеткен уақытымен тұспа-тұс келді және бақташы мал бағуға дәл осы жылқыны мінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер оның ұрлыққа қатыстылығын анықтады. Бұрын істі болған 31 жастағы ауылдық жұмыстан шығарда оған сенген жылқыны мініп кетіп, жергілікті тұрғынға 200 мың теңгеге сатқан.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Көрсетілген мекенжайдан полицейлер жылқы терісі мен тұяқтарын алды. Күдіктінің үйін тінту кезінде ветеринарлық препараттар мен шприцтер, сондай-ақ ер алынды. Мұның барлығы кәсіпорыннан ұрланғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша шығын 200 мың теңгеден асқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бұл аудандағы биыл болған алғашқы жағдай, – дейді Ғ.Мүсірепов ат. АПБ бастығы Марат Әлжанов. – Еркін жайылымға жібермей практикасын қолданғаннан кейін бұл санаттағы қылмыстардың саны барынша азайды. Төрт айдың ішінде малдарын еркін жайылымға жіберген мал иелеріне қатысты 104 хаттама толтырылды. Арнайы тұраққа 72 қаңғыбас мал қамалды. Бұл шаралардың қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайларды болдырмауға бағытталғанын түсіну маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру