Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы аудандық полиция бөлімдерінде қызметтік тәртіп талқыланды

СҚО-дағы аудандық полиция бөлімдерінде қызметтік тәртіп талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік тәртіп – полицияның негізгі басымдықтарының бірі. Солтүстістік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Әбілғазы Ғабдуллин Қызылжар, Мамлют және Аққайың аудандарының полиция бөлімдерінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесулер өткізді.

Күн тәртібінде қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, функционалдық міндеттерге жауапкершілікпен қарау, азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде заң талаптарын мүлтіксіз орындау, өтініштер мен арыздарды тіркеу, процессуалдық шешімдер қабылдау мәселелері қаралды.

Қызметкерлерге 9 ай ішінде ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолу жасалды. Әбілғазы Ғабдуллин Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру нормативтік-құқықтық актілерден кез келген ауытқуға “нөлдік төзімділікті” талап ететінін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру