СҚО-дағы түзеу мекемесінде ерлі-зайыптылар қызмет атқаруда
СҚО-дағы түзеу мекемесінде ерлі-зайыптылар қызмет атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жандос пен Мадина Досановтар – ҚР ІІМ ҚАЖК ЕС-164/8 мекемесі РММ ерлі-зайыпты қызметкерлері.
Жандос Досанов – әділет майоры, мекеме бастығының режим және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, ал оның жұбайы Мадина Досанова – сотталғандар арасындағы тәрбие әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор-психологы.
Жандос пен Мадинаның Қостанай қаласында кездескен. Екеуі де ҚР Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясындағы курсанттары болған, бірақ Жандос ол жаққа Мадинадан бұрын оқуға түскен. Академия – оқудағы болашақ мамандықты таңдауда бағдар ғана емес, олардың танысу себебі болды. Ортақ мүдделер, ең бастысы мамандық таңдау олардың қарым-қатынасының негізі болды және 2015 жылы отбасын құрды.
Оқуды бітіргеннен кейін Жандос Көкшетау қаласында қызмет етуге барды, ал Мадина әлі академияда оқыды. Мадина лейтенант атағын алғаннан соң туған қаласы Қостанайдан кетіп, жұбайы Жандосқа барады.
Жандос Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесі бастығының орынбасары қызметін атқарды, ал Мадина онда сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің инспектор-психологы болып жұмыс істеді. Енді олар өз қызметтерін СҚО бойынша ҚАЖД-не қарасты ЕС-164/8 мекемесінде сәтті жалғастыруда.
Ерлі-зайыптылар Мансұр және Малика атты бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылардың өздері атап өткендей, олардың ортақ өмірі қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметі бақытты отбасының кепілі болды.