Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ерекше қорғалатын табиғи аймақтағы заңсыз аң аулау: күдіктілер ұсталды

СҚО ерекше қорғалатын табиғи аймақта заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданында 14 қыркүйекке қараған түні рейд барысында Соговоровский қорығы аумағында табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы, қорықтың бас аңшылықтанушысы және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы атылған оқтың дауысын естіген. Жан-жаққа бөлініп, рейдке қатысушылар айналаны тексеру кезінде сібір елігін мүшелеп жатқан үш ер адамды анықтаған. Тағы бір жануардың денесі күдіктілер мінген «Toyota Prado» автокөлігінің жүксалғышында болған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмыс жасауда күдікті 52 мен 39 жастағы екі петропавлдық, сондай-ақ 51 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны ұсталды. Күдіктілердің арасындағы жасы үлкеніне тиесілі ойық ұңғылы калибрі 308 «Steyr Mannlicher» карабині тәркіленді.

– Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аң аулау және балық аулау қағидаларын сақтау, браконьерлік фактілерін болдырмау бойынша ұдайы рейд өткізеді, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев. — Аталған іс-шара мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесе өткізіледі. Жыл басынан облыста заңсыз аңшылықтың 10 фактісі тіркелді, сондай-ақ 405 аң аулау қағидаларын бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру