Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көрінеу жалған шақыру үшін 90 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру үшін 90 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйектің 13-і сағат 11:20 шамасында Петропавл қ. ПБ Екінші ПБ кезекші бөліміне медицина қызметінен Жұмысшы кентінен ер адамның “жедел жәрдем” шақыртқаны жайында хабарлама келіп түскен. Телефон шалушының сөзінше, жолдасына пышақ жарақаты келтірілген. Жедел жәрдем айтқан мекенжайды таба алмаған. Тексеру үшін патрульдік полиция батальонының экипажы жіберілді, Екінші ПБ жедел-тергеу тобы шықты. Факті расталмады. Қоңырауды облыс аудандарының бірінің 48 жастағы тұрғыны соққаны белгілі болды. Ол алкогольдік масаң күйде болғандықтан қалжыңдағанын айтып түсіндірді.

– Естеріңізге саламыз: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабының (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) санкциясы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлды қарастырады, – дейді СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Бақытжан Әлібеков. – Жасалған қылмыс туралы келіп түскен әр хабарламаға ден қоюға екі қызметкерден тұратын ППБ экипажы, құрамында жедел уәкіл, тергеуші, криминалист пен жүргізуші бар ЖТТ тартылады. Сондай-ақ, оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы келеді. Көрінеу жалған шақыру – полицияның күш пен құралдарын жұмсауды қажет ететін өрескел құқық бұзушылық, бұл кезде олардың басқа жерде қажет болуы әбден мүмкін.

Петропавлда жыл басынан “102” қызметіне 108 мыңнан астам хабарлама келіп түскен, оның 22 мыңнан астамына полиция күштерінің шұғыл ден қоюы талап етілді.

СҚО-да сегіз айдың ішінде көрінеу жалған шақыру фактілері бойынша 90 адам жауапкершілікке тартылды, оның 64-і Петропавлда. Олардың барлығы дерлік алкогольдік масаң күйде жасалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру