СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны 500 сағатқа сотталды
Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны 500 сағатқа сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Жазаның бұл түрі қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға ең көп 1 200 сағат, ал ең аз 20 сағатқа сотталуы мүмкін.
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының пробация қызметінің есебі бойынша 104 қоғамдық жұмыстарға сотталған, оның ішінде 71 адам қоғамдық жұмыстардың сағаттарын жұмыс істеді және есептен шығарылды. Сотталғандар жазаны орындаудан бас тартқан немесе пробация қызметінің бақылауынан мүлдем жасырынған фактілер бар, мұндай жағдайларда жаза неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылуы мүмкін, осылайша жыл басынан бастап, 1) сотталған адамға қатысты жаза бас бостандығынан айыруға, 2) қамаққа алуға қатысты және 3) сотталған адамға қатысты бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, бұл сот үкімінің орындалмайтындығын білдіреді. Қоғамдық жұмыстарды орындаудан мерзімінен бұрын босату заңда көзделмеген.
Облыс орталығында қоғамдық жұмыстарға сотталған үш адам жазасын өтеп жатыр. Сотталғандар жыл мезгіліне байланысты қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарды орындайды, жаз мезгілінде гүлзарларды, саябақтарды, көшелерді жинайды, қаланы көгалдандырумен айналысады. Қыс мезгілінде негізінен қар тазалау жұмыстары жүргізіледі.
– Төтенше жағдай және коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша карантиндік шаралар кезеңінде жоғарыда аталған сотталғандар ерікті негізде автобус аялдамалары мен тұрғын үйдің кіреберістеріне дезинфекция жүргізіп, өз жазасын орындап қана қоймай, қоғамға пайда әкелгенін атап өту қажет, – деп түйіндеді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.
Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған осындай сотталғандардың бірі ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша 500 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жазасын өтеп жатқан сотталған А. болып табылады. 2019 жылдың жазында Петропавл қаласындағы мейрамханалардың біріндегі отырыстан соң, досымен мас болған сотталған А. бұзақылық жасауға бағытталған тікелей қылмыстық пиғылмен, яғни өтіп бара жатқан адамға жеңіл дәрежеде дене жарақатын салған.
Төтенше жағдайға және коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі карантиндік шараларға қарамастан, сотталған қоғамдық жұмысқа белсенді қатысты. Сотталушының өзі атап өткендей, ол КВИ екінші толқыны кезінде де көмектесуге дайын.