СҚО-ның бас имамы сотталғандармен кездесті
СҚО-ның бас имамы сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-ның бас имамы Х.Әділбеков «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-де мекеменің теологиялық оңалту тобымен бірлесе отырып, сотталғандармен діни көзқараста оң ықпал ету мақсатында дәстүрлі дін құндылықтары түсіндірілді.
Оның ішінде Ханафи мәзһабы тұрмысындағы, негізгі иман мен куфр анықтамасы жайлы айтып өтті. Діни сауатсыздықтан адам күнәға бой алдырады. Өйткені діннің түп қазығын түсіну, дінді дұрыс ұғу өте ауқымды, әрі оңай емес екендігін ескерген жөн. Сауатсыздық пен білімсіздіктің кесірінен қателіктер мен теріс амалдар жасалынады.
Шариғат заңы бойынша үлкен күнә саналатын іс-әрекеттерді жасаушы мұсылманның жағдайы түсіндірілді, шариғаттағы «тағут» сөзінің анықтамасы түсіндірілді. Жалпы берілген материалдарды сотталғандар оң қабылдады. Мекемеде реабилитациялық оңалту жұмысының оң нәтижесі көрінеді, осы жылға арналған жаңадан жоспар жасалынуда. Діни сауаттылықты арттыру мақсатында теологиялық оңалту жұмысы күшейтілетін болады.