СҚО-ның бас полицейі гарнизондық жиналыс өткізді
СҚО-ның бас полицейі Қазақстан полициясы күні қарсаңында гарнизондық жиналыс өткізді, – хабарлайды Polisia.kz.
Гарнизондық жиналысты Қазақстан полициясы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өткізді.
Таңғы сағат 08:00-ден бастап Петропавлда Тәуелсіздік стелласының алаңында облыстық ПД аппаратының қызметкерлері, мамандандырылған күзет қызметі полиция басқармасының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сап түзеді.
СҚО ПД мәдени орталығының оркестрі мен жеке құрамы Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
ПД бастығы Қабдұлдинов қарамағындағыларды осы күні бастау алған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі шеңберінде күшейтілген жұмысқа бағыттады.
Аталған іс-шара шеңберінде қылмыстың алдын алу бойынша міндеттердің кең ауқымы шешіледі: есепке алынатын адамдар мен қару иелерін аула бойынша аралау, қараусыз қалған құрылыстар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру, облыс аудандарында мал ұрлығы фактілерін болдырмау үшін шалғайдағы учаскелерді тексеру. Жол қауіпсіздігін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.
Оркестрдің үнімен шеруден кейін полиция қызметкерлері қызмет өткеру орындарына оралды.