СҚО-ның ерлер колониясында мыңнан астам кездесу өткізілді
СҚО-ның ерлер колониясында мыңнан астам кездесу өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы көптеген аспектілер бойынша адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінің 106-бабына сәйкес сотталғандарға ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді және мекеме аумағында ұзақтығы екі тәулік болатын ұзақ мерзімді кездесулер беріледі.
Осылайша, 2024 жылдың 12 айында СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінің сотталғандарына туыстарымен 1098 кездесу берілді, оның 404-і ұзақ және 694-і қысқа мерзімді.
Біраз уақыт Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге байланысты сотталғандар үшін жақындарымен кездесу ұйымдастыруға мүмкіндік болған жоқ. ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің, облыс әкімдігі мен прокуратурасының қолдауымен мекеме аумағын қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. 2024 жылдың қыркүйегінде мекемеде су тасқынының салдарын жою бойынша, оның ішінде ұзақ және қысқа мерзімді кездеу бөлмелерін жөндеу жұмыстары аяқталды.
Барлығы 15 жатын бөлме, ас үй, жуынатын, демалыс бөлмелері және балаларға арналған ойын алаңы жабдықталған. Сотталғандар және олардың туыстары үшін жайлы жағдай жасау мақсатыменжаңа жиһаз, ыдыс-аяқ және тұрмыстық техника сатып алынды.
Осы кезеңнен бастап барлық пайдаланылмаған кездесулер ҚР ІІМ №819 бұйрығының 84-тармағына сәйкес ұсынылады. Онда эпидемияға қарсы іс-шаралар, дүлей зілзалалар және мекеменің қалыпты қызметіне кедергі келтіретін басқа да төтенше жағдайлар, сондай-ақ мекемеде ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде мекеме бастығының бұйрығымен кездесулер уақытша тоқтатылады. Сотталған адамға жоғарыда көрсетілген себептер бойынша кездесу ұсынылмаған жағдайда, неғұрлым кеш мерзімде беріледі.
- Жақын туыстарымен мұндай кездесулер сотталғанды түзетудің оң нәтижесін береді, құқық қорғау мінез-құлқын, еңбекке, нормалар мен ережелерге оң көзқарасты қалыптастырады. 2024 жылы мекеме тарихындағы ең ерекше ұзақ уақытты кездесу тіркелді. Сотталған "В" - ға ұзақ кездесуге 8 адам келді, атап айтқанда анасы мен 7 іңі-сіңлісі, – деді мекеменің режим бөлімінің бастығы Айбол Қожахметов.