Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО патрульдік полицейлері 40-қа жуық қылмысты ашты

Петропавл қаласының патрульдік полицейлері жыл басынан бері 40-қа жуық қылмысты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы көптеген міндеттерді орындайды. Сағат 08:00-де және 20:00-де 12 сағаттық қызметтеріне кірісетін уақыттан бастап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қоғамдық тәртіпті сақтайды. Сондай-ақ олар тұрғындардың қоңырауларына ден қойып шаралар қабылдайды, қоғамдық орындардағы қылмыстардың жолын кеседі.

Статистика көрсеткендей, мұндай қылмыстардың басым бөлігі сауда объектілерінде жасалады. Жыл басынан осындай 23 факті тіркелді. Негізінен ұсақ ұрлық. Қаңтар айында Петропавлдың қоғамдық орындарында 43 қылмыс жасалды. Оның 39-ы патрульдік полицейлердің қатысуымен ашылды. Тұрақты профилактикалық жұмыс көшедегі қылмыстың айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Бір ай ішінде облыс орталығының көшелерінде 9 қылмыс жасалды, ал өткен жылдың осы кезеңінде 19 қылмыс тіркелді.

Полицейлердің сенімді құралы – rteltut тағылатын бейнежетондар мен көліктегі бейнетіркеу құрылғылары. Олардың көмегімен 878 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіні – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, мұндай 137 факті тіркелді.

– Патрульдік полиция батальонының негізгі міндеті – жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту. Осы орайда жыл басынан облыс орталығының көшелерінде 17 мас жүргізуші тоқтатылды. 40 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде жол бермеген, 4-уі жолдың қарсы бағытқа арналған бөлігіне шығып кеткен. Жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының ең көп тарағаны – қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған арнайы орындықтарды пайдаланбау, бұл үшін 161 жүргізуші жауапқа тартылды. Тағы 103 адамға көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жол жүрісі қағидаларының осындай өрескел бұзушылықтары жол-көлік оқиғаларының санына және олардың салдарына тікелей әсер ететінін түсіну маңызды., – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру