Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-да жас қызметкерлерге алғашқы офицерлік шендері табысталды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде алғашқы погон табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік инспекторлар қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі және қаржымен қамтамасыз ету басқармасынан үш жас қызметкеріне полиция лейтенанты шені берілді.

Бұдан бөлек, 9 қызметкерге полиция капитаны кезекті арнаулы шені берілді. СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы құрамындағы бөлім бастығы, ЖҚАЖ және Петропавл қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің кезекші бөлімінің аға инспекторлары полиция майоры шеніне ие болды.

Полиция подполковнигі кезекті арнаулы шені есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Үмбетовке берілді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Габдуллин мен ПД және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов офицерлерге ақ жол тілеп, Отанға адал қызмет етуді жалғастыруға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру