СҚО ПД-да жеке күзет қызметінің басшыларымен кездесу өткізілді
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жеке күзет құрылымдарының басшыларымен жұмыс кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяров хабарлағандай, бүгінде облыста олардың саны 1700-ден асады. 4418 объект күзетте, оның ішінде 541 объект физикалық күзетпен қамтамасыз етілген, қалғандары — пульттік.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алудың өзекті мәселелері қарастырылды. Криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди дабыл қағылған кезде оқиғаларға уақытылы ден қою және объектілерді сапалы тексеру мәселелері бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізуді, сондай-ақ халықты үгіттеу мен заманауи күзет жүйелерін орнатудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді ұсынды.
СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах күзет құрылымдарының басшыларына халықпен жиындарда учаскелік инспекторлармен бірлесіп үгіт жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі де тілге тиек етілді. Полицейлер дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша күзет құрамаларының жеке құрамын оқыту бойынша кадрларды іріктеу және сабақтар өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар шығарды.
– Осы жылы мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері қылмыстарды ашудың 6 фактінің, 43 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, күзетілетін объектілерде 5 ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алды. Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша нақты қадамдар белгіленді, – деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.