Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД қызметкерлері республикалық шығармашылық байқаудағы табыстары үшін марапатталды

СҚО ПД қызметкерлері республикалық шығармашылық байқаудағы табыстары үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылды қорытындылайтын жедел кеңесте СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев «На страже» республикалық газетінің редакциясы өткізген шығармашылық байқаудың қатысушыларына наградалар табыстады. Лауреат дипломын баспасөз қызметінің қызметкері Юрий Клыков алды, ал оның әріптесі Игорь Мерцалов жеңімпаздардың арасында үшінші орынды иеленді. Бірінші орын, редакциялық алқа атап кеткендей, сөзсіз, СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинскаяға берілді. Жыл бойы газет беттерінде жас буын қызметкерлерге ерлік істерімен үлгі болатын, міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан облыс ІІО қызметкерлері жайлы жарқын мақалалар жарияланып тұрды.

– Любовь Осинская бар өмірін қоғамға қызмет етуге арнады, зейнет демалысында да тыным таппай, жас қызметкерлерді патриоттыққа тәрбиелеуге зор үлесін қосуда. Сондай-ақ, мықты шығармашыл ұжым –еліміздің ақпараттық кеңістігінде облыстық полиция ведомствосын сан қырынан көрсететін баспасөз қызметінің табысын атап кеткен жөн, – дейді СҚО ПД бастығы  Марат Төлебаев.

Телесюжеттер, газет мақалалары, интернет-жаңалықтар арқылы адамдар полицейлердің ауыр жұмысы жайлы біледі, объективті құқықтық ақпарат алады, бұл құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Екі тілде мәтіндер, фото-бейнематериалдар әзірлеу, ведомстволық блогтарды жүргізу, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға ден қою, түсірілім жасау, бейнероликтерді монтаждау – жұмыс көлемі ауқымды, сондықтан баспасөз қызметі демалыс және мереке күндеріне қарамастан, тәулік бойы жұмыс істейді. Жедел кеңесте тағы бір баспасөз қызметкері – Ерлан Махметовтің марапатталуы кездейсоқ емес. Марапатын алу үшін бейнекамерасын бір сәтке ғана қалдырды, кейін жұмысына қайта кірісті.

Сондай-ақ, кеңесте қоян-қолтық ұрыстан және кикбоксингтен турнирлерде өз ведомстволарына жеңіс әкелген СҚО ПД алты қызметкеріне наградалар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру