Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейі Қазақстанның үздік криминалистері қатарына кірді

СҚО полицейі Қазақстанның үздік криминалистері қатарына кірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Туристік фирмадағы ұрлықты екі күннің ішінде “ашу”, заңнама нормаларынан білімін көрсету, табельдік қаруды игеру шеберлігін көрсету, эссе жазу – “ҚР ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы, кримналисі” республикалық байқауында қатысқан солтүстікқазақстандықтардың алдына қойылған міндет осылар болды. Байқау қарашаның 16-19 аралығында Қарағанды қаласында өтті. Қазақстанның үздік криминалистері қатарына СҚО ПД Жедел- криминалистикалық басқармасының қызметкері Александр Хлевов кірді. Ол 20 балдың 19-ына ие болып, екінші орыннан көрінді. Байқаудың негізгі кезеңінің бірі – жағдаяттық тапсырманы орындау. Алған билет бойынша солтүстікқазақстандық полицейге “Туристік фирмадағы ұрлықты” ашу тапсырмасы түсті. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының полигонында тапсырманы орындау үшін барлық жағдай жасалған. Шартты қылмыскерді анықтау, оны оқшаулау және ізін алу – 14 жылдық өтілі бар Александр Хлевов үшін қиындық тудырмады.

– Шығармашылық байқау оңай болмады. “Менің мамандығым – менің мақтанышым” тақырыбына эссе жазу ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген әкемнің жолдастарына қызыға қараған балалық шағымды есіме түсірді. Криминалистика мамандығын таңдауыма менің алғаш алған химия білімім себеп болды. Өз эссемде нақты ғылыми негізділігімен қызықтырған полиция жұмысының аталған желісі туралы сөз қозғадым, – дейді Александр.

Айта кететіні, Александр Хлевов солтүстікқазақстандық криминалистер өткізіп жатқан тірі адамдар мен мәйіттердің қол терілерінен із алудың бірегей ғылыми жобасына қатысуда. 

– Заманауи техникалық мүмкіндіктер он жыл бұрын тапқан әдістерді пайдалануға, оны кеңінен қолдану талаптарын қоюға жағдай жасады. Александр Хлевовтың ғылыми жұмыстағы машықтары облыстағы криминалистикалық бөліністер үшін әдістемелік құрал әзірлеуде көп көмек. Тек биылғы жылдың өзінде зерттеудің түрлі бағыттары бойынша осындай алты “әдістемелік құрал” жазды. Тәжірибелі қызметкердің еліміздің үздік мамандарының бірі ретінде жүлдегерлердің қатарынан көрінуі орынды, – дейді СҚО ПД ЖКБ бастығының орынбасары Қанат Оспанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру