Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда курьер жоғалтып алған сәлемдеменің иесін полиция тауып берді

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері Мәскеуден келген сәлемдеме салынған қорапты табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біз Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында шақыртуда жүргенбіз. Бізге бір адам келіп, Мәскеуден жіберілген қорапты тауып алғанын айтты. Осы қораптың иесін табуға көмектесуімізді өтінді. Бастапқы деректерге сүйене отырып, мекенжайды анықтап, сәлемдемені жеткіздік. Бұл қорапты оларға жеткізіп беруі тиіс болған курьер оны жоғалтып алғанын айтқан болып шықты, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Әсет Дихамбай.

Анықталғандай, курьер сәлемдемені алушыны ғана емес, оның жұмыс берушісін де алдап, сәлемдемені одан белгісіз біреулер алып кетті деп сендірген. Шындығында ол оны жоғалтып алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру