Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейі жауынгерлік атыс қаруынан өткен мергендік сайысында жеңіске жетті

СҚО полицейі жауынгерлік атыс қаруынан өткен мергендік сайысында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция ведомствосында өткен аппараттық кеңесте СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов мергендік атудан жеңіспен оралған полиция офицерін марапаттады.

Полиция қызметкері Саят Елубаев өткен аптада Павлодар қаласында өткізілген «Алтын мерген – 2023» мергендер арасындағы республикалық турнирінен жеңімпаз болып оралды. Оған облыстардың полиция департаменттері мен арнайы құрылымдардың 12 командасынан 80-нен астам қызметкер қатысты.

– Тізерлеп, түрегеп тұрып және тағы басқа да қимылдар жасап әр түрлі қашықтықтан нысананы көздеп аттық. Барлығы 11 жаттығуда бағымызды сынадық. Жауынгерлік қарудан оқ атқанда ауа райы да әсер етті. Жел тікесінен, қырдан үрлеп тұрды. Дөп тигізу үшін нысананы көздегенде түзетулер енгізе отырып аттық. Қарсыластар тәжірибелі, жақсы дайындалып келген. Алайда өзімнің жинаған тәжірибемнің де көмегі тиді. Тапсырмалардың жылдам орындалу уақыты және нысанаға тигізу көрсеткіштері есепке алынып, мен бірінші орынды иелендім, – дейді Саят.

Айта кету керек, бұл солтүстікқазақстандық полицейлердің осындай турнирдегі биылғы жылғы екінші жеңісі. Алғашқы жеңістеріне Алматы қаласында аты аңызға айналған командир Борис Керімбаевты еске алуға арналған практикалық атыстан өткен жарыста қол жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру