Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері әлеуметтік желілердегі 141 жарияланымға ден қойды

СҚО полицейлері әлеуметтік желілерде жарияланған 141 жарияланымға ден қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілер – полиция мен халық арасындағы өзара байланыстың тиімді алаңына айналды. Танымал ақпараттық ресурстардағы ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін жарияланымдар бойынша тиісті қызметтер түсініктеме дайындап, ден қою шараларын орындайды.

Мәселен, 29 наурыз Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде, аудан орталығы Бескөл ауылының тұрғындары азық-түлік дүкендерінің бірінің маңындағы қоқысқа шағымданған. Күл үйіндісі жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі жасаған. Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көрсетілген мекенжайаға шығып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

– Сонымен қатар, келешекте бұндай олқылықтар қайталанбас үшін тәртіп бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Дәл осы күні ол орынды тазалап, ретке келтірді, – дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жәнібек Мұхамадиев.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуы – тәртіп сақшыларының сервистік жұмыс моделі аясындағы негізгі міндеттерінің бірі. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер әлеуметтік желілердегі 141 жарияланым мен шағымдарға шаралар қабылдады. Желі қолданушылары петропавлдық полицейлерді көбінесе Instagram, Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде аккаунттарын көрсетіп, белгілейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру