Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда клиенттің көлігін ұрлап кеткен механик ұсталды

Қарағандыда клиенттің көлігін ұрлап кеткен механик ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 68 жастағы зейнеткер арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында осыдан бірнеше күн бұрын өзіне тиесілі автокөлігін жөндеу орталығына қалдырғанын, кейін көлікті алып кетуге келгенде оны белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған көлік Теміртау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде табылды. Жүргізілген кешенді іс-шаралар нәтижесінде көлікті сол жөндеу орталығында механик болып жұмыс істейтін 37 жастағы азаматтың ұрлап кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 29 наурыз күні күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру