СҚО полицейлері арнайы мекемелерде адам құқықтарын сақтау мәселелерін талқылады
СҚО полицейлері арнайы мекемелерде адам құқықтарын сақтау мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамның конституциялық құқықтарын сақтау – қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелер жұмысындағы басымдықтардың бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қарамағында 13 уақытша ұстау изоляторы, арнайы қабылдау орны және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орны бар. Техникалық жарақтандыру, медициналық-санитарлық жағдайларды сақтау және заңдылықты қатаң сақтау мәселелері полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында болады. Олар Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте қаралды. Оған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жанат Жұмабаев пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Санат Рамазанов қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының баяндамасында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, соның ішінде қоғамдық байқау комиссиясымен және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауда арнайы мекемелердің жұмысына тұрақты бақылау туралы хабарланды.
Адам құқықтары жөніндегі өкілі Жанат Жұмабаев ынтымақтастық тәжірибесіне оң баға беріп, қоғам белсенділері айтқан барлық ұсыныстар полиция жұмысында ескерілетінін атап өтті. Мысал ретінде ол арнайы мекемелерде бейнебақылауды барынша қамтуды қамтамасыз ететін қосымша 65 бейнекамераны орнатуды келтірді.
Қанат Айтбаев қызметкерлерге бірқатар нақты тапсырмалар беріп, оларды заңдылықтың тиісті деңгейін қалыптастыру бойынша бірлескен, келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруға тапсырды.