Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері арнайы операция кезінде 4 келіден астам есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері арнайы операция кезінде төрт келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Заңсыз айналымнан төрт келіден астам есірткі алынды.

29 жастағы қазақстандық бірнеше ай бұрын жедел қызметкерлердің назарына ілікті. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іс-шаралары оның ізіне түсуге, «іскер» қала тұрғынының уақытша тұрғылықты жерін анықтауға мүмкіндік берді. Күдікті соңғы үш айда тұрған Новоишимское ауылындағы үйден полицейлер сөмке, спорттық сөмке мен өсімдік заттары салынған рюкзак, темекі шегуге арналған пластикалық құрылғы тапты. Сондай-ақ, ұсталған адамның көлігінен және гараждан алдын ала оралған есірткі заттары алынды.

– Сот-химиялық тергеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар есірткі заты – салмағы төрт келіден асатын кептірілген марихуана және жалпы салмағы 242 грамм гашиш болып табылады. Бұл өте ірі көлем болып саналады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Жыл басынан бері полицейлер Солтүстік Қазақстан облысында 159 есірткі қылмысын анықтады. 307 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде төрт келіден астамы синтетикалық есірткі. СҚО ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері есірткі заттарының таралуына қатысты кез келген фактіні хабарлауға болатын сенім телефонын (39-41-93) еске салады. Сондай-ақ, WhatsApp-та 8-707-500-96-65 нөмірі бойынша «қауырт желі» іске қосулы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру