Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері синтетикалық есірткі сақтаған бойжеткенді ұстады

Түркістан облысының полицейлері синтетикалық есірткі сақтаған бойжеткенді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Сайрам ауданы тұрғынының бірі есірткі сақтап жүргені жөнінде хабарлама келіп түскен. Осы ақпарат бойынша “Қарасора-2021” жедел-профилкатикалық іс-шарасы барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ мен аудандық полицейлерден жедел-іздестіру тобы құрылып, жолға шықты. Хабар түскен аймақтың барлығын шарлап, жер-жерді бақылады. Күдік тудырған автокөліктердің әрқайсысын жеке-жеке тексерді. Осылайша полицейлер жүргізілген іс-шараларының нәтижесінде, Сайрам ауданы көшелерінің бірінде “Ауди” маркалы автокөлікті тоқтатып, жолаушысын тексеру барысында күдікке ілінген бойжеткенді ұстады. Оны тексеру барысында қолындағы сөмкесінен полиэтилен пакетке оралған ерекше иісі бар есірткі затының алты орамы табылып, сараптама тағайындалды. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткінің жалпы салмағы 6 грамға жуық “синтетикалық есірткі” болып шықты. Аталған дерек ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша бойжеткен қыз қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтап, таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Егер, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру