Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Астық – 2023” іс-шарасын өткізіп жатыр

СҚО-да полицияның мобильді топтары егін жинау науқаны аясында ұрлықтың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан полицейлері “Астық – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуді жалғастырып жатыр. Осы іс-шара аясында түнгі рейдтер, дала жолдарындағы тексерулер, бейнекамераларды орнату қажеттілігін түсіндіру қолға алынған. Мобильді топтар егістіктер мен астық қоймаларын үнемі айналып өтіп, жаңа астық жинауға байланысты қылмыстардың алдын алуға баса назар аударады.

18 тамызда бастау алған “Астық – 2023” операциясының басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өндірушілерін сақтап қалуға жәрдемдесу, жанар-жағармай материалдарын, гербицидтер мен қосалқы техника бөлшектерін ұрлаудың алдын алу мен ашуға бағытталған. Осы мақсатта облыстағы 13 ауданның әрқайсысында мобильді топтар құрылған. Олардың құрамында тәжірибелі жедел қызметкерлер, учаскелік және патрульдік полицейлер бар.

Аталған іс-шара басталғаннан бері белсенді профилактикалық шаралардың арқасында бүгінгі күні егін ору науқанымен байланысты Жамбыл ауданының аумағы бойынша бір ұрлық тіркелген. Ал қалған аудандарда бүгінгі күні қылмыс тіркелген жоқ. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан бері осы желі бойынша 11 ұрлық тіркелген.

– Бұрын ашылған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері көбінесе кәсіпорын қызметкерлерінің өздері, маусымдық қылмыстарға қатысты болып жататындығын көрсетеді. Сондықтан да шаруа қожалықтары өз объектілеріне бейнебақылау камераларын орнату және физикалық күзеттің қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз, – деп атап өтті СҚО ПД ПКП бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

“Астық – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру