Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері аудан тұрғындарына емделуге мұқтаж балаларын әуежайға жеткізуге көмектесті

СҚО полицейлері аудан тұрғындарына емделуге мұқтаж балаларын әуежайға жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД электронды поштасына Ыстамбұлдан Қызылжар ауданы тұрғындарының алғысқа толы бейнежазбасы келіп түсті. Олардың төрт жасар ұлдары Түркияда қымбат ем қабылдауға мұқтаж. Кириленколар отбасы интернет арқылы емге ақшалай қаражат жинаған. Қажетті сома жиналып, Нұр-Сұлтан қаласынан ұшаққа билет те алынды. Түрік дәрігерлері жас пациентті күтіп отырған.

Алайда ауа райының қолайсыздығы жоспарды бұза жаздады. 11 наурыз ұйытқыған боран соғып, жолдар жабылып қалды. Алғашқы болып Тайынша ауданының аумағындағы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» учаскесі, Келлеровкадан Көкшетауға және Петропавлға қарай, екі бағытқа да жол жабылды. Жол учаскесін қарауға СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин және ППБ 5-ші взводының командирі Рустам Өкенов шықты.

Тексеру нәтижесі бойынша жолды толығымен жабуға шешім қабылданды. Келлеровка маңында кезекшілік атқарған экипаж қызметкерлерінің айтуынша, тоқтап тұрған көліктер легінің арасында қиын жағдайға тап болған отбасы болған. Жылдам әрекет етуді қажет ететін жайғдайға көз жеткізген Уәлихан Оразалин Көкшетаудағы әріптестерімен байланысады. Олар автожолдарды жабуға әзір екендіктерін, бірақ әлі жүріп өтуге болатынын айтты. Мән-жайды айтып түсіндірген батальон командирінің орынбасары машинаға ілесіп жүруге шешім қабылдады. Боран үдей түсті, кейде түк көрінбей кетеді. Дегенмен, тәуекелге бел байлап жолға шыққан жолаушылар діттеген жерлеріне аман-есен жетті. Тәртіп сақшылары Көкшетауға жеткізіп салды, ал ол жақтан Кириленколар отбасы астанаға дейін жетті.

– Отбасымыздың атынан Уәлихан Оразалин мен Рүстем Өкеновке зор алғысымызды білдіреміз. Біз рейсімізге үлгердік, енді Ыстамбұлда баламызбен ем қабылдап жатырмыз, – дейді баланың анасы.

– Жылы лебіздер – полицияның күнделікті жұмысынадағы ерекше сәттер, – дейді СҚО ПБ ППБ командирі Ерлан Мәдиев. Әр экипаж кезекшілікке түсер кезде жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету туралы нұсқау алады. Біз Кирилл үшін қуаныштымыз, дұғай сәлем жолдап, тез сауығып кетуін тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру