Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған жасөспірімді шымкенттік полицейлер тапты

Жоғалған жасөспірімді шымкенттік полицейлер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз күні сағат 10:00 шамасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 11 жастағы баласының жоғалып кеткендігі туралы арызданған.

Бастапқыда жасөспірімнің әкесі ұлын өзі іздеуге кіріскен. Дегенмен еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Ересектердің назарынан тыс қалған бала белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы Надыр Халметов іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімді аман-есен тауып, отбасына қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру