СҚО полицейлері Ауған жерінен кеңес әскерлерін шығару күнінде бірыңғай ерлік сабағын өткізді
СҚО полицейлері Ауған жерінен кеңес әскерлерін шығару күнінде бірыңғай ерлік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаменті барлық бөліністері үшін алғаш рет бірыңғай ерлік сабағын ұйымдастырды. Сабақтың тақырыбы – «Ерліктері мәңгі есімізде».
Іс-шара Ауған соғысына және Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан ішкі істер органдары ардагерлеріне арналды. Облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев интернационалист жауынгерлерді құттықтап, естелік медальдарын табыс етті.
– Олардың тағдыры – сол кезеңнің бір көрінісі, ерліктері – үлгі тұтарлық, – деп атап өтті облыстың бас полицейі. – Жастар соғыс туралы тек естіп білді. Ауған соғысына қатысып, облыстың ішкі істер органдарында қызмет еткен жиырма тоғыз сарбаздың екеуі ауыр жарақат алып, Қызыл Ту орденімен марапатталған. Оның біреуі – Юрий Балашов қаңтар айында өмірден өтті. Полиция подполковнигі Михаил Баранов та дүние салды. Олардың ерлігі – мәңгі есімізде.
Орденнің екінші иегері Давыд Шнайдер СҚО Полиция департаменті музейінде Пяндж өзенінен оралмағандарға арнап шырақ жақты. Полиция музейінде жас қызметкерлердің қатысуымен өткен кездесуде ардагерлер естеліктерімен бөлісті. Отты күндер, қаза тапқан жолдастарының бейнелері олардың мәңгі естерінде.
Меймандардың арасында ержүрек батырларды тәрбиелеген Вера Петровна Азегова да бар. Бір ұлы Ауған соғысына қатысса, екіншісі Чернобыльде болған. Екеуі де аман-есен оралды. Ауған соғысына қатысқан және ішкі істер органдары ардагері үлкен ұлы Александр бүгінгі таңда «Саланг» патриоттық клубын басқарады. Полиция департаменті Мәдени орталығының әсерлі әндері іс-шараға ерекше рең берді. Белгілі солтүстікқазақстандық композитор Юрий Зайберт ардагерлерге ерекше сыйлық жасады. Ол есімі қала көшелерінің біріне берілген Ауған соғысына қатысқан батырлардың бірі Валерий Ухабовқа арналған Владимир Шестериковтың «Вызываю огонь на себя» өлеңіне жазылған әнді орындады.
Жас полицейлер интернационалист жауынгерлерге сұрақтар қойды. Оларды жауынгерлердің соғыстан кейін ішкі істер органдарындағы қызметті неліктен таңдағандары қызықтырды.
Минометші болған Бағдат Ешманов (Ұлы Отан соғысына қатысқан минометшінің ұлы): – Ауған соғысы менің мінезімді өзгертті. Бізді отансүйгіштікке тәрбиеледі. Фильмдер көрсетіп, концерттер ұйымдастыратын. Барлық халық әртістері Ауғанстанда болды, патриоттық әндер шырқайтын. Үйге оралғаннан кейін милицияға жұмыс істеуге барамын деп шештім.
Жуырда жауынгер-интернационалистердің қатысуымен осындай кездесу Петропавл қалалық полиция басқармасында да өтті.
Басқарма бастығы Жандос Мұқатов барлық жеке құрамның атынан ардагерлерді ерекше датамен құттықтап, олардың полициядағы мінсіз қызметтері мен нағыз жауынгер болып қалыптасуы – қалалық полицейлердің жас құрамы үшін нағыз үлгі екенін айтып өтті.