Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас күйінде оқ атқан аудан орталығының тұрғыны ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде оқ атқан аудан орталығының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығы Тайынша қаласының 1995 жылы туған тұрғыны отбасылық жанжал кезінде тіркелмеген аңшы мылтығынан үйінде бірнеше рет оқ атқан. Абырой болғанда, туыстарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полиция қызметкерлері шақырылған кезде, ол қаруды алып оқиға орнынан жасырынған. Оны Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұстады. Қардан 16 калибрлі аңшы мылтығы, ұңғыдан бір патрон табылды. Оқиға орнын тексерген кезде үш патрон мен үш атылған гильза анықталды.

Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтановтың айтуынша, күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 128-бабы – “қамауға алу” бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру