Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақшаңды еселеймін” деген алаяқ Қызылорда тұрғынына сан соқтырған

Қызылорда тұрғыны ақшаңды еселеймін деген алаяққа 40 000 теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1991 жылы туған облыс орталығының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, белгісіз азаматша “Whatsapp” арқылы “Не работа” жобасына 40 000 теңге ақша салуға көндіріп, аталған соманы өз есеп шотына аудартып алған.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы іске қатысы бар күдікті облыс орталығының 1981 жылы туған тұрғыны ұсталды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру