Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық алаяқ 19 адамды тақырға отырғызған

Жезқазғанда жұмысқа тұрғызамын деген желеумен жәбірленушінің 1 млн 500 мың теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпанда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Полиция басқармасына 24 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жас жігіттің айтуынша, бір азамат оны беделді, жалақысы жоғары жұмысқа орналастыруға уәде берген. Алаяқ қызметі үшін жас жігіттен 1 миллион 500 мың теңге алғаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар 26 жастағы қала тұрғынын ұстады, ол кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас қылмыстардың 19 эпизодына қатысы анықталды.

Бұл фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру