СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан ойық қару тәркіледі
СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан ойық қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Айыртау ауданының полиция қызметкерлері ойық қаруды заңсыз сақтау жөніндегі материалды сотқа тапсырды. Аудан тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тәртіп сақшылары маусым айында өткізген “Жол-көлік оқиғасына жол жоқ” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 53 жасар ауыл тұрғынының басқаруындағы ГАЗ-31-105 Волга автомобилін тексеру үшін тоқтатқан. Полицейлер көліктің артқы орындығынан шағын калибрлі мылтық пен оның патрондарын анықтаған, олардың бірі оқталған күйде болған. Ауыл тұрғынының айтуынша, бірнеше күн бұрын ол қаруды тауып алған. Ойық қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін білмеген. Сараптама бұл қарудың калибрі 5,6 мм., ТОЗ-8 мылтық екендігін көрсетті.
– Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын айыппұлдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қаруды заңсыз сақтау қауіпті. Оқыс оқиғалардан, сондай-ақ қару қолданумен жасалатын қылмыстардан аулақ болу үшін тілкелмеген қаруды полицияға ерікті түрде өткізген жөн. Жыл басынан бері 11 адам осылай жасады. Олардың бәрі заңсыз сақтау үшін көзделген жауапкершіліктен босатылды, – деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.