Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясы азаматтарға алаяқтықтан сақ болу үшін заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов солтүстікқазақстандықтарға автокөлікті тіркеудің жаңа нормаларын түсіндіріп өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңнамалық өзгерістер көліктің жекелеген түрлерін тіркеуге және жүргізушілерді даярлауға қатысты. Республика бойынша «А» және «В» санаттарындағы көлік құралдарының қатысуымен болған апаттардың жиілеуіне байланысты енді автомектептерде толық оқу курсынан өту талап етіледі.

Қазақстандықтардың өтініші бойынша жоғары сұраныстың мемлекеттік нөмірін қайта беру оңайлатылды. Сонымен қатар мұндай нөмірлерді жақын туыстарына қайта ресімдеуге болады.

– Жалпы, бастапқы тіркеу процесі мемлекеттік органдардың деректер базасын пайдалану есебінен жеңілдетілді. Ең бастысы, автомобильдерді сатып алу-сату кезінде алаяқтықтан сақ болу үшін мәмілелерді нотариалды куәландыру талабы қайтарылды. Сондай-ақ криминалистердің көлікті алғашқы тіркеу кезінде немесе шанақты ауыстырған, қайта жабдықтаған және көлік құралының түсі өзгерген жағдайда міндетті түрде тексеруі енгізіледі. Бұл сатып алушыларды ұрланған немесе ауыртпалығы бар мүлікті сатып алу қауіпінен қорғайтын болады, – дейді Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру