СҚО полицейлері бес күнде 2 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылықты анықтады
СҚО полицейлері бес күнде 2 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфиріне шықты. Эфирдің импровизацияланған студиясы «Южный» БП, спикер — СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары Григорий Тыш болды. Ол пайдаланушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізуші тәртібін арттыру үшін ЖПІШ жүргізіліп жатқанын айтып, ауа райының қиын жағдайлары туралы ескертті. Полиция жұмысының интерактивті түріне қызығушылық танытқан жүргізушілер эфирге өз қалауы бойынша қатысты. Олар Солтүстік Қазақстандағы жол-көлік инфрақұрылымының мазмұны туралы өз ескертулерін айтты. Негізгі тілектер қиын климаттық жағдайларда жолдарды тазартуды күшейту, елді мекендерге жақын жерде қосымша жарықтандыру болды. Жүргізушілердің бірі автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріндегі жылдамдық шектеулерін қайта қарауды ұсынды.
– Айта кету керек, қазіргі уақытта негізгі автотранспорт өтетін облыстың барлық «транзиттік» ауылдары жақсы жарықтандырылған. Барлық айтылған ескертулер қарастырылатын болады. Адамдардың пікірі полиция қызметкерлері үшін өте маңызды, біздің мақсатымыз — жұмыстың сервистік моделі шеңберінде құқықтық тәртіпті нығайту үшін қоғаммен сындарлы өзара іс-қимыл жасау. Сонымен қатар, ЖПІШ шеңберінде жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша шаралар күшейтілді, — дейді Григорий Тыш.
ЖПІШ 5 күн бойы өткізілді. Осы уақыт ішінде полицейлер облыс жолдарында 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Олардың ішінде мас күйде басқарудың 22 фактісі бар. Сондай-ақ, 46 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзды, 47 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылықтарын бермеген.