Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бір апта ішінде 860 әкімшілік құқық бұзышылық анықтады

СҚО полицейлері бір апта ішінде 860 әкімшілік құқық бұзышылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста 9-30 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Мақсаты – алкогольдік масаң күйде және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы бір апта ішінде полицейлер тұрғылықты мекен-жайлары бойынша 4 300 есептегі адамды тексерген. Олардың 500-ден астамына қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған болса, 300-ден астамы тұрмысы қолайсыз отбасы. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыру және шектеуге 12 материал жолданған. Алайда балалары үшін өмірлерін өзгертуге бет алған ата-аналар да бар. Қала тұрғыны бірге тұратын, ащы суды жиі пайдаланатын ер адаммен ажырасқан, тұрмыстық мәселелерін шешіп, жұмысқа орналасқан және балаларының үйге оралуын күтуде.

– Тексерілген екі мыңнан астам адам – маскүнемдер. Жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы 15 материал мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін дайындалған. Онын ішінде әйел адамдар да бар. Егде жастағы әйел өз кемшіліктерін түсініп, емделуге қуана келіскен. «Мен бұл қадамға қызым үшін бардым, өз отбасыммен, немерелерімен тұрғым келеді», – дейді ол.

Операцияның бір аптасында облыста тұрмыс саласында 301 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішіндегі 147 факті полиция қызметкерлерімен тексеру кезінде анықталған.

– Отбасыдағы жанжалқойларға ықпал етудің бірден бір тетігі – қорғау ұйғарымын шығару және құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптарды қою болып табылады. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде 92 қорғау ұйғарымы шығарылып, сотпен құқық бұзушының жүріс-тұрысына 35 ерекше талап қойылды. Қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін ескерту немесе бес тәулікке қамауға алу көзделген. Бұндай 14 жағдай анықталған. Тағы 34 адам ерекше талаптарды бұзған – оларға айыппұл салынады немесе бір аптаға қамауға алынады, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Әсия Абжанова.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы 860 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың жартысы – алкогольдік ішімдікті бірлесе ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүру. 212 ата-ана жасөспірімдердің түнде жүруіне жол берген. Барлық бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру