Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дубайға саяхат: шымкенттікті алдап кеткен алаяқ қолға түсті

Шымкенттік полицейлер “Дубайға демалысқа жолдама алып беремін” деп тұрғынды алдаған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаментіне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Х.есімді әйел Дубай қаласына отбасылық демалысқа жолдама алып беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1 000 000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған қаржысын кері қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру