Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бір апта ішінде жаңажылдық шыршаларды сатудың 15 дерегін анықтады

СҚО полицейлері бір апта ішінде жаңажылдық шыршаларды сатудың 15 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлік жолмен пайдаланудан қорғау шараларын қабылдауда. Жергілікті полиция қызметі мен табиғатты қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар ұйымдастырылды. Қылқан жапырақты ағаштар өсетін жерлерде және оларды сату орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Мақсат – жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуді, дайындап-тасымалдауды, өткізуді анықтау және жолын кесу.

Тәртіп сақшылары бір қылқан жапырақты ағашты заңсыз кесу мемлекетке шамамен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шығын келтіретінін еске салады, бұл 53 100 теңгені құрайды.

Заңсыз кесу үшін әкімшілік жаза көзделеді. Егер келтірілген шығын 100 АЕК-ден асса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. СҚО-да 11 ай ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, зақымдау фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.

«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айының ортасында басталды. Бір апта ішінде өткен рейдтер нәтижесінде 15 бұзушылық анықталды. Көбінесе шыршаларды сатқаны үшін ілеспе құжаттары болмаған (фитосанитариялық сертификат және басқалары). Кейбір жағдайларда сатушылар тауарларды жол жиектерінде, алаңдарда және сауда жүргізу қарастырылмаған басқа да жерлерде орналастырған немесе сауда алаңын жалдау шарты болмаған.

«Шырша» іс-шарасы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру